- 🗣️Құрметті оқырмандар,
Кеше мен күтпеген тексеріс жасап, филиалымның біріне бардым. Бұл туралы блогымда бөлісуді ұйғардым. Сіздердің жазған пікірлеріңізді оқи отырып, мен осындай тексерістерді тұрақты түрде, аптасына бір рет жүргізуді ойлап отырмын. Бұл арқылы сіздерге ашықтық пен адалдықты көрсетіп, бизнестегі шынайы жұмысты көрсетуді мақсат етемін.
- 📷 Мен аптасына бір рет өз филиалдарыма барып, оларды тексеруді жоспарлап отырмын. Бірақ қай филиалға, қай уақытта, қай күні баратынымды алдын ала айтпаймын. Осындай тексерістерді тікелей блогымда көрсету ойымда бар.
- 🗣️ Айта кететін жайт, менің мақсатым – сіздердің алдарыңызда қызметкерлерге ескерту немесе сөгіс беру емес. Егер сіздер менің тексерістерімнен осындай нәрселер күтсеңіздер, бұл мақсатым емес екенін атап өткім келеді. Керісінше, мен қызметкерлерімді өз жұмысын сапалы орындауға мотивациялауды және ең жақсы қызметкерлер мен филиалдарды ынталандыруды жоспарлап отырмын.
- 📷 Сіздің қолдауыңыз және пікірлеріңіз маған өте маңызды. Бұл рубриканы енгізуді қолдайсыздар ма? (Иә /жоқ) Ойларыңызбен бөлісіңіздер!